Jańalyqtar
2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы 15 тамыз 18:13
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Еске салсақ, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлінді.
ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн.ҰБТ қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1% тестілеуге қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94% құраған болатын. Шекті балды 82 154 талапкер жинады, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады, мұнда 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ (65,5 балл).
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
- Еуразия ұлттық университетінің өкілдері тікелей эфирден 10 сағат бойы студенттердің сауалдарына жауап берді
- СҚО-да биыл 5 ауыл колледжі заманауи қондырғылармен жарақтандырылады
- ШҚО мектептерінде 60-қа жуық заңбұзушылық анықталды
-
Сағынтаев жаңа мәслихаттың алдынағы сөзінде Алматының өзекті міндеттерін атады
-
Қарағанды облысының мектептерінде асханалар ашылуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER