+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы даярланады – ҰБ

2020 жылғы 28 қаңтар 09:57
Бөлісіңіз:
2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы даярланады – ҰБ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 шілдеге дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады «Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы нарығын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету және Қазақстанға шетелдік капиталды тарту жұмысы аясында Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді. Бұл, бір жағынан, қаржы ұйымдарының балансындағы валюта қаражатын экономиканы ұлттық валютада кредиттеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, шетелдік инвесторларды валюталық тәуекелдерден қорғау құралына айналады. Нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемін ІЖӨ-нің 30 пайызына дейін жеткізуге ықпал етеді»,- деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселелері Ұлттық банктің негізгі басым міндеттерінің бірі болып саналады.

«Ұлттық банк алға қойған мақсаттарға жету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп, 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді. Ұлттық төлем жүйесі барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құрылатын болады»,- деді Ерболат Досаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT