2020 жылдың 7 айында 743 мың адам жұмысқа орналастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 7 айында 743 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуды жоспарлаған едік. Бұл ретте ең басты бағдарлама - «Еңбек« бағдарламасы аясында 600 мың адамды жұмыспен қамту көзделсе, бүгінгі күнге 379 мың адам жұмысқа орналасты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, әлемді шарпыған коронавирус індетіне байланысты еліміздің Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар әзірлеген. Сондай шаралардың бірі - «Жұмыспен қамту» жол картасы. Аталған жол картасы асында 255 мың адамды жұмысмен қамту жоспарланған.

«Бүгінгі күнде 7 айдың қорытындысы бойынша 154 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен бірге елімізде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» сынды көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Осы бағдарламалардың аясында 364 мың азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлаған едік. Қазіргі таңда аталған бағдарламаларды іске асыру барысында 210 мың адам жұмысқа орналасты. Барлығын қоса есептегенде 743 мың адам жұмыспен қамтылып отыр«, - деді Серік Шапкенов.


Соңғы жаңалықтар