2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөз жүргізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді» делінген хабарламада.

Қол жеткізілген уағдаластық нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады.

Соңғы жаңалықтар