2020 жылдан бастап Беларусь өкілі ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына кіріседі

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшылары 2020 жылдан бастап Ұйымның Бас хатшысы лауазымына Беларусь өкілі Станислав Засьті бекітті. Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отырыс барысында Бас хатшыны тағайындауға қатысты мәселе қаралды. Бүгін мемлекет басшылары (ҰҚШҰ-ға мүше елдердің) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы лауазымға тағайындалған Беларусь өкілі Станислав Засьті құттықтады», - деді Семериков Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының отырысынан кейінгі брифингте.

Осы орайда ол тағайындау туралы бұл қадам 2015 жылдағы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімін орындау аясында іске асырылғанын атап өтті. Бұл шешімде орыс алфавитіне сәйкес ауыспалы негізде бас хатшыларды тағайындау тәртібі регламенттелген.

«Бұған дейін бұл қызметте Армения өкілі болды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусьтің кезегі келді, сәйкесінше бұл лауазымға Беларусь өкілі тағайындалды», - деп түсіндірді Семериков.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы қызметін В. Семериков орындап келеді.

Соңғы жаңалықтар