2020 жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 30 пайызға өспек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы біз базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80 пайызға артты», - деді министр.

Оның дерегінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрады.

«Өткен жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға тек бір өтініш беріледі», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40 пайыздан 45 пайызға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралғанын айтты. Нәтижесінде, шамаға байланысты әлеуметтік төлемдер 3 млн қазақстандық үшін 16 пайызға дейін өсті. 2018 жылы 6,1 млн астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Елбасының еңбек өтілі мен МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Мәжілісте қаралып жатқан «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.

«2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30 пайызға артады деп күтілуде», - деді Бердібек Сапарбаев.

null

Соңғы жаңалықтар