2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам қандас келді-министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және қандас мәртебесіне ие болды.

Олардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Моңғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді.

Қандастардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

Келген қандастардың жалпы санынан еңбекке жарамды жастағы адамдар 62,7%-ды (11 082 адам), еңбекке қабілетті жастағылар – 30,7%-ды (5 420 адам), зейнеткерлер – 6,6%-ды (1 159 адам) құрайды.

Еңбекке жарамды жастағылардың ішінен білім деңгейі бойынша 13,6% жоғары білімді, 25,2% орта арнаулы білімді, 46,7% жалпы орта білімді, 14,5% білімі жоқ.

2019 жылға ҚР Үкіметі 2 031 қандасты қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті, ол былайша бөлінді: Қостанай облысы бойынша – 815, Павлодар облысы бойынша – 550, Ақмола облысы бойынша – 306 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-250, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 110 адам.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілді: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 313 256 отбасы немесе 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған болатын.


Соңғы жаңалықтар