2019 жылғы Қысқы Универсиада алауы Алматы көшелерімен өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Красноярда 2-12 наурыз аралығында өтетін 2019 жылғы Қысқы Универсиада алауының халықаралық эстафетасы кезеңі  Алматыда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі доданың алауы Италияның Турин қаласынан шыққан болатын.

Бүгін алауды соңғы Универсиаданың иесі - Алматы қаласы қабылдап алды. 26 қыркүйекте алау Қытайдың Харбин қаласына жеткізіледі. Мәскеуде жалпы эстафета жалғасатын болады. Алматыдағы алау эстафетасы 2,5 шақырым қашықтықпен жүріп өтті.

null   Отты шырақты 15 алаугер Абай көшесімен Республика сарайының алдынан алып өтті. Олардың арасында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, боксшы Қанат Ислам, ҚР футзал бойынша құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, биатлоншы Василий Подкорытовтар бар. 

null FISU халықаралық студенттік спорт федерациясы алау эстафетасын биылдан бастап жаңа тәртіппен өткізетін болды. Енді алау эстафетасына бұрынғы Универсиада өткізген елдің өкілдері де қатысатын болды.

 null «Біз Алматы қаласында өткен Универсиаданың бай мұрасын әлемге танытуға тырыстық. Болашақтағы жоспарларға келсек, бекітілген жобаға сәйкес эстафета алауын университет кампустарында өткізетін боламыз. Бұл университет спортын насихаттауға септігін тигізбек», - деді FISU  президенті Олег Матыцин.

FISU атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закіриянов Алматының Краснояр универсиадасының алау эстафетасына қатысып жатқанын маңызды шара ретінде бағалады.

null«Краснояр универсиадасының халықаралық алау эстафетасы 3 қалада өтіп жатыр. Турин, Алматы және Қытайдық Харбин қаласы ғана қамтылған. FISU қалаларды таңдау кезінде университеттік спортқа қосқан үлесін ескерген. Алматыда өткен Универсиада - спорттық дода тарихындағы ең үздігі деп танылды», - деді Қайрат Зәкіриянов.

null«Краснояр -2019» Универсиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Максим Уразов Алматының атлетикалық ауылды салу, еріктілермен жұмыс, спорттық инфрақұрылымды құру бойынша тәжірибесін алып жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар