2018 жылы «Еуровидение» Лиссабонда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2018 жылы Португалияның Лиссабон қаласында «Еуровидение» халықаралық ән байқауы өтеді. Мұндай шешімді португалиялық телеарна мен Еуропа хабарламалық одағы қабылдады.

Бұдан бөлек, жартылай финалдың 8-10 мамыр аралығында, ал финалдың 12 мамыр күні өтетіні белгілі болды.

Португалия «Еуровидение-2018» байқауын өткізу құқығына биыл мамырда Украинада өткен фестивальде әнші Сальвадор Собралдың жеңісінен кейін ие болды. 

Соңғы жаңалықтар