2017 жылы «Қайрат» қазақстандық футболдың негізгі үш лигасында өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы «Қайрат» командасы қазақстандық футболдың негізгі үш лигасына қатысады, деп хабарланды ФК ресми сайтынан.

«Кайрат U-21» екінші лиганың біріншілігінде жеңіске жетіп, алғашқы лигаға жолдама алды. Сондай-ақ, «Қайрат» екінші лигада команда енгізу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, алматылық клубтың командасы 2017 жылы Премьер-лигаға, бірінші лигаға және екінші лигаға қатысатын болады.

Клуб басшылығының шешімімен команданың бас жаттықтырушысы болып алғашқы лигаға қатысқан Константин Горовенко тағайындалды.

Соңғы екі маусымда бұл маман негізгі команданың жаттықтырушылар штабында болды. Жастар командасындағы жаттықтырушының көмекшісі ретінде Александр Шатских жұмыс жасайды. Константин Горовенконың негізгі команданың жаттықтырушылар штабындағы орнына бұрын «Кайрат U-19»-ға жетекшілік еткен Сергей Лабодовский келеді. Екінші лигаға қатысатын ұжымда Максим Шевченко аға жаттықтырушы болып қала бермек.

Соңғы жаңалықтар