2017 жылдан бастап базалық мөлшерлемені төмендете бастадық - Данияр Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкіні басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында базалық ставка туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Базалық ставка ақша нарығында жұмыс істеп келе жатқан барлық ставканың бағдары болып табылады. Бекітілген бағам аясында ақша ағымы қайта қаржыландыру саласынан алшақ болатын, сол себепті Ұлттық банк еш шара жүргізген жоқ. Қазір базалық ставканы өзгерту арқылы біз банк табыстылығына ықпал ете аламыз. Оларды Ұлттық банкке немесе экономикаға салуға итермелейміз», - деді Ақышев.

Оның айтуынша, 2015 жылы базалық ставка 16% болатын, теңге құлдырамаған. 2016 жылдың наурызынан 17%-ға көтерілді.

«Жоғары инфляция болатынын білдік (18%). Нарық жоғары пайыздық көрсеткішке бейімделген болатын. Бізге жоғары базалық көрсеткіш керек болатын. 2017 жылдан бастап базалық мөлшерлемені төмендете бастадық. Басты критерий - елдегі инфляция көрсеткіші», - деді Ақышев.

Айта кетейік, осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Келіп түскен сұрақ мазмұндарына көз жүгіртсек, қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отырғаны байқалады.

 

Соңғы жаңалықтар