2015 жылы Жамбыл облысында кедендік шекараны 7,5 млн адам кесіп өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы ЕАЭО Кеден одағының сыртқы шекарасы болып табылады. Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасының 1,2 шақырымнан астамы КО оңтүстік сыртқы шекарасы болып табылады. Жамбыл облысы 700 шақырымнан астам аралықта Қырғыз Республикасымен шекараласады.

«Өткен жылы әкімшілендірудің сапасын және нәтижелілігін арттыру, әкімшілік тосқауылдарды жою, оның ішінде кедендік операция жасасу мерзімдерін қысқарту  бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. 2015 жылы қаңтар-желтоқсанда тауарларды кедендік өңдеудің орташа «таза» уақыты импорт кезінде 1 сағат 48 минутты, экспорт кезінде 41 минутты құрады», - деді мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы А. Тынысбеков.

Жамбыл облысы МКД деректеріне сәйкес 2015 жылы сыртқы экономикалық қызметтің 1 018 қатысушыларына кедендік ресімдеу жүргізілді, тауарларға 6 996 декларация шығарылды.

«Департамент қызметінің аймағында Кеден одағының кедендік шекарасын 7,5 млн.-нан астам жеке тұлға, 30,1 мың автобус, 58 мың жеңіл көлік, 113,3 мың жүк көлігі, 795 жолаушылар пойызы кесіп өтті», - деп нақтылады А. Тынысбеков.

 ЕАЭО Кеден одағы - бірыңғай кедендік аумақты көздейтін Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Арменияның сауда-экономикалық ықпалдасу нысаны.

Соңғы жаңалықтар