2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерін шығарылған соң НАТО бұл елдегі жаңа миссиясына кіріседі

None
None
БРЮССЕЛЬ. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерін шығарған соң, НАТО бұл елдегі жаңа миссиясына кіріседі.

Бұл туралы Чикагода өтіп жатқан НАТО саммитінің қорытынды декларациясында айтылды, деп хабарлайды Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметінен.

Чикагода өтіп жатқан Солтүстікатлантикалық альянстың екікүндік саммитінде НАТО-ға мүше мемлекеттер Ауғанстандағы операцияны 2014 жылдың соңына дейін аяқтау ниеттерін растады.

«2014 жылдың аяғына қарай ауғандық билік көздері елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне толық жауапты болады. НАТО-ның әскери миссиясы аяқталады. Дегенмен, біз Ауғанстанмен ұзақ мерзімді серіктестік арқылы саяси және тәжірибелік қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деп атап өтіледі қабылданған Чикаго декларациясында.

Бұдан басқа, НАТО-ға мүше мемлекеттер ауғандық Үкіметтің ауғандық ұлттық қауіпсіздік күштерін оқыту, кеңес беру және көмек көрсетуге бағытталған жаңа миссияны құру бойынша мұқтаждығын қанағаттандыруға дайын екенін білдірді.

«Бұл жауынгерлік миссия болмайды. Біз НАТО кеңесіне Халықаралық күштердің Ауғанстандағы қауіпсіздікке көмек көрсету жаңа миссиясын әскери жоспарлау процесі бойынша жұмысты жылдамдатып бастауды тапсырамыз», - деп атап өтіледі құжатта.

Соңғы жаңалықтар