2012 жылдан бері Азия-Тынық мұхиты аймағында бес жасқа дейінгі тіркелмеген балалар саны азайды - БҰҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азия-Тынық мұхит аймағы COVID-19 сияқты денсаулық сақтау саласындағы жаңа дағдарыстарды анықтау үшін өлімдерді тіркеу бойынша күш-жігерді жандандыруы керек.

Бұл туралы БҰҰ баяндамасында айтылған.

Бангкок (АТМЭӘК жаңалықтары) – Азия-Тынық мұхит аймағы 2024 жылға қарай азаматтық хал актілерін тіркеу мен халықтың табиғи қозғалысы статистикасының (АХАТХТҚС) жалпыға бірдей жүйесін құру үшін өлімдерді және олардың себептерін тіркеу саласындағы прогресті жеделдетуі қажет делінген Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) бүгін жариялаған баяндамада.

«Get Everyone in the Picture: A snapshot of progress midway through the Asian and Pacific CRVS Decade» (Толық статистикалық көрініс беру: Азия-Тынық мұхит аймағындағы АХАТХТҚС Онжылдығының орта беліндегі прогресстің қазіргі ахуалы) деп аталатын баяндамада көрсетілгендей, көптеген елдердің туу туралы куәліксіз туған балалардың санын қысқартуда үлкен жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан, аймақтағы өлімнің себебі туралы медициналық қорытынды жасай отырып тіркелген өлімдердің саны әлдеқайда кем болып отыр.

2012 жылдан бері Азия-Тынық мұхит аймағында бес жасқа дейінгі тіркелмеген балалардың саны жартылай қысқарып, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызметтерге қол жетімділіктің кеңеюіне әкелді. Алайда, өлімдерді тіркеу айтарлықтай артта қалып отыр: өлім туралы куәлік және өлімнің себебі туралы медициналық қорытынды аймақтағы барлық өлімнің үштен бірінде ғана беріледі. Мұның негізгі себебі – дәрігерлер мен сот-медициналық сарапшылар дайындығының жеткіліксіздігі.

Баяндамада денсаулық сақтау саясатын әзірлеу және бақылау үшін және COVID-19 пандемиясы сияқты жаңа денсаулық дағдарыстарын анықтау үшін өлім себептері бойынша топтастырылған уақтылы өлім статистикасының шұғыл түрде қажет екендігі атап өтіледі. Дәрігерлерді оқыту және өлімді түрде сенімді тіркеудің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру – елдер осы үрдіспен күресу үшін жасай алатын кейбір әрекеттер, міне, осылар.

«Бүгін Азия-Тынық мұхит аймағындағы АХАТХТҚС қоғамдастығы үшін тағы бір маңызды кезең болып отыр», – деді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана ханым.

«Аймағымыздағы COVID-19 індетінің соңғы рет өршуі тууды, өлімдерді және өлім себептерін жалпыға бірдей азаматтық тіркеудің қажеттілігін тағы да растайды», – деп жалғастырды ол.

«Бұл оқиғалар өңіріміздегі АХАТХТҚС жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысымыздың маңыздылығын көрсетеді».

«Баяндама Азия-Тынық мұхиты аймағының жалпыға бірдей және нақты қажеттіліктерді ескеретін АХАТХТҚС жүйесін құру жолында өз мақсатына жету үшін дұрыс бағытта келе жатқандығын көрсетеді», – деді Азия-Тынық мұхит аймағындағы АХАТХТҚС мәселелері жөніндегі өңірлік басқарушы топтың төрағасы Камни Найду ханым.

«Бүгінгі таңда АХАТХТҚС жүйесінің дағдарысқа жауап қайтару мүмкіндіктері бес жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы», – деп жалғастырды ол.

«Толассыз күш-жігердің арқасында біз барлығына бірдей құқық субъектілігін қамтамасыз ету бойынша белгіленген мақсатқа қол жеткізе аламыз, бұл бізге 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің мақсаттарын іске асыруға және оларға қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді»-деді ол.

Баяндамада 2014 жылы Азия-Тынық мұхит аймағындағы АХАТХТҚС бойынша министрлердің бірінші конференциясында қабылданған міндеттемелерге сәйкес жалпыға бірдей АХАТХТҚС жүйесін құрудағы елдердің прогресі баяндалған.

Азия-Тынық мұхит аймағындағы «толық статистикалық көріністі беруді» көздейтін Министрлер декларациясында жалпыға ортақ көзқарас анықталған, оған сәйкес 2024 жылға қарай өңірдегі барлық адамдар өз құқықтарын іске асырып, тиімді басқаруға, денсаулық сақтау және даму саласындағы қызметтердің сапасы тиісті болуына ықпал ететін АХАТХТҚЖ жүйелерінің жалпыға бірдей және нақты қажеттіліктерді ескеретін игіліктерін пайдалана алатын болады.

Азия-Тынық мұхит аймағындағы АХАТХТҚС бойынша министрлердің екінші конференциясы 2021 жылғы 16-19 қарашада өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар