2008 жылдан бері тұрғындардан 1,7 млрд теңгеге қару-жарақ сатып алынды
«Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияларды үнемі жүргізеді. 2008 жылдан бастап осындай 10 іс-шара жүргізді. Бұл акциялар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Осындай акцияларда өтемді түрде 53 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылған. Жалпы соммасы шамамен 1,7 млрд теңге қару-жарақ заттары сатып алынды.
Оның атап өтуінше, бұл шаралар елдегі криминогендік ахуалға оң септігін тигізген.
«Тек соңғы 5 жылда қару-жарақпен жасалған қылмыстардың саны жартысынан астамға, 2015 жылы 488-ден 2020 жылы 224-ге дейін азайды. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын айта кету қажет», - деді Асылбек Ыдырысов.