200 мың жұмыссыз адам жыл соңына дейін жаңа жұмыспен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі жұмыссыздықпен күрестің жаңа бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам қазақстандыққа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды қамту жоспарланған. Аталған жоспарлар орындалатын болады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үкімет басшысы қазіргі кезде экономиканың барлық салалары қалыпқа келіп жатқанын атап өтті. Бұл шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және оны 4,9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

«Өте маңызды бір мәселе – тұрақты жұмыс орындарын құру, биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуы тиіс. Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жақсы тәжірибе бар. Қалған өңірлер де осы бағытта жұмысты жандандыруы тиіс», - деді А. Мамин.


Соңғы жаңалықтар