+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

200-ден астам қазақстандық Польшадан оралды

2020 жылғы 24 наурыз 01:14
Бөлісіңіз:
200-ден астам қазақстандық Польшадан оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 200-ден астам қазақстандық Польшадан үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус статистикасы өскеніне алаңдамау керек - Алматы әкімі Алматылық инфекционист коронавирустан сақтану және емделу жөніндегі басты сұрақтарға жауап берді Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

«Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді», делінген хабарламада.

Польша билігі енгізген режім мен шекараның жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілген.
«Дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер.
Күндіз-түні еңбек етіп, денсаулығына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT