20 жыл бұрын елордада Кенесары ханға ескерткіш қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 жыл бұрын елордада қазақтың соңғы ханы Кенесарыға арнап ескерткіш қойылған еді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің Күнтізбесінде жазылған.

«2001 жылы Астанада қазақтың ханы Кенесары Қасымұлына ескерткіш орнатылды. Туындының авторлары - мүсінші Нұрлан Далбай, сәулетші Шота Уәлиханов, инженер Әбдісағит Тәтіғұлов және шебер Валерий Конюхов.

Ескерткішің биіктігі 7 метр, салмағы 10 тонна. Кенесары хан - Абылай ханның немересі, қазақтың соңғы ханы, Қоқан, Хиуа, Ресейге қарсы соғысып, ұлан байтақ жерді аман алып қалу жолында аянбай күрескен батыр» делінген жазбада.



Фото: astana.zagranitsa.com

Соңғы жаңалықтар