20 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1946-2019) Кеңес Одағында бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық боксшы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, бокстан Америка, Еуропа, Африка елдерінде өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы,жаттықтырушы, киноактер Әбдірашит ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік институтын бітірген. 1969 жылы КСРО кубогын жеңіп алды. 1970-1971 жылдары жартылай орта салмақта КСРО чемпионы атанды. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әбдірахманов боксшыларды жаттықтыра бастады. Оның шәкірттерінің қатарында әлем чемпиондары Орзубек Назаров пен Андрей Курнявка бар. Қазақстан Республикасының шығыс жекпе-жегінің дамуына зор үлес қосты. Ол жекпе-жектің көптеген түрлерінен, атап айтқанда бокс, ушу-саньда, кикбоксинг,тай-бокстан спортшыларды дайындаы. ҚР Президенті күзетінің арнайы батальонын дайындаумен айналысты. Алайда, жаттықтырушылық қызметтен бас тартып, актерлік өнерге бет бұрды. 1969 жылы атақты боксшы белгілі қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың көзіне түседі. Оны «Ақ шаршы» фильміндегі боксшының рөліне шақырады. Басты рөлді Әбдірашит сомдаған Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша түсірілген фильм 1996 жылы Берлин фестивалінде әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Алтын камера» жүлдесін иеленді.

70 жыл бұрын (1952) Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы ҚХА академигі, Халықаралық ақпараттандыру акадамиясының академигі Жұматай Әлиұлы ӘЛИЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, философ, экономист. Философия ғылымының докторы, профессор. Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік дәрігерлер институтында мұғалім болып еңбек еткен. 1977-1982 жылдары - ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1982-1983 жылдары - Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог-инженер, бас инженердің орынбасары. 1983-1997 жылдары - Алматы сәулет және құрылыс институтында аға мұғалім, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығы басшысы. 1997-2001 жылдары - Орталық-Азия университетінің ректоры, президенті. 2001-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары. 2008-2012 жылдары - Орталық Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы. 2012-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжлісінің депутаты болды. III, II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.

50 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкізатұлы НҰРЫШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Бейжің лингвистикалық университетінің қытай филологиясы факультетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1996 жылдан - ҚР СІМ Азия басқармасының референті. 1997 жылдан - ҚР СІМ Үрімжі қаласындағы атташесі, Төлқұжат-виза қызметінің үшінші хатшысы. 1999 жылдан ҚР-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 2004 жылдан - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2005 жылдан - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде кеңесші, ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы жанындағы ҚР тұрақты өкілі. 2007 жылдан - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2009 жылдан - ҚР Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. Дипломатиялық шені - ІІ класты кеңесші. 2008-2015 жылдары - ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі. 2015-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019-2022 жылдары ҚР Сртқы істер министрінің орынбасары.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1982) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презиенті – Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары Тимур Төлегенұлы ШАЙМЕРГЕНОВ дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтын (2004) бітірген; Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде басшылық құрам үшін оқу бағдарламаларынан өткен (2009-2017). Еңбек жолы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық мәдени және білім ынтымақтастығы қызметінің ағылшын тілі бойынша аудармашысы (2004-2005); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері (2005-2006); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы орынбасарының көмекшісі (2006-2010); ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің аналитикалық бөлімінің консультанты (2010-2011); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің ситуациялық орталығының аналитикалық секторының меңгерушісі (2011-2014); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары (2014-2018). Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі (2018-2019); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы (2019-2020); ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісіқызметтерін атқарған.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар