20 мамыр күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Astana Marriott қонақ үйінде әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция «Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі мен гендерлік теңдікті дамыту аясындағы мәдени-креативті кәсіпкерлік» атты дөңгелек үстел өткізеді.

9.30-да Sheraton Nur Sultan қонақ үйінде «Сервистік полиция жұмысының қазақстандық моделі: перспективалары және даму стратегиясы» құқықтық форумы өтеді.

10.00-де елорданың Жасыл белдеуінде «Орманды-дала өрттерін сөндіру» өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт сөндіріледі.

Гарнизонның жеке құрамы өрт сөндіру қызметінің қаншалықты жедел және сапалы жұмыс істейтінін көрнекі түрде көрсетеді.

11.00-де Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Ónim атты дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтеді.

11.00-де ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі ашылады.

Көрме Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының аясында ұйымдастырылмақ.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында «Қазақ тілін тұғырына қондырудағы Алаш идеясы мен сатылай кешенді оқыту технологиясының рөлі» атты дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Астана-АЭК» АҚ мәжіліс залында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың елорда халқымен кездесуі өтеді. Халықпен кездесуден кейін сағат 12.00-де «Астана-АЭК» АҚ мәжіліс залында министр БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізеді.

12.00-де NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік сатып алуды жетілдіру шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл; Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Мұрат Әділханов; Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директорының орынбасары Ерлан Сейітов; Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарушы Данияр Бакишев; «Электронды қаржы орталығы» АҚ басқарушы директоры Айжан Қайырбекова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

15.00-те қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

16.00-да ҚР Ұлттық музейінде белгілі суретші Мұхтар Байбосынның XIX-XX ғасырларда қазақ мәдениетінің негізін салған тұлғаларға арналған «Асыл мұра» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Бопай ханым» тарихи трагедиясы көрсетіледі.

19.30-да Қазақконцерттің үлкен сахнасында «Композиторлардың портреттері» атты жаңа концерт өтеді. Концертті Қазақ мемлекеттік симфония оркестрі ұсынады.


Соңғы жаңалықтар