20 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 20 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды.

«Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді» дейді әкімдіктен.

Айта кетейік, 21 қыркүйек - дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жолға шығады.


Соңғы жаңалықтар