20 күн ішінде қар құрсауында қалған 35 мың жолаушы құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қаңтардан бері республикалық маңызы бар жолдарда қар құрсауында қалып қойған 35 мыңнан астам жолаушы құтқарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының өкілі Любовь Абланова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика аумағында ауа райының нашарлауына байланысты 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында облыс жолдарындағы қолайсыз жағдайға тап болған 35 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның ішінде 370 бала бар. 4 мыңнан астам эвакуацияланды және жолдардың тазаланған бөлігіне 35 мыңға жуық техника шығарылды. Тек өткен тәулікте ғана республика жолдарында 35 адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, 12 техника қар құрсауынан шығарылды», - деді Любовь Абланова ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан видео материалда.

Оның дерегінше, ауа райының нашарлауына байланысты республика жолдарында қалыптасқан жағдайға ден қою үшін азаматтық қорғау күштері мен техникалары жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Бүгінгі таңда ауа райының қолайсыздығына және жолдарды қардан тазалауға байланысты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 28 жол учаскесі жабық.

«Оның 4-еуі республикалық және 24-і облыстық маңызы бар жол. Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша шешімді жедел қабылдау нәтижесінде үсік шалуға және адамдардың қаза табуына жол берілген жоқ», - деді орталық өкілі.


Соңғы жаңалықтар