+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

20 ақпан күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 20 ақпан 04:15
Бөлісіңіз:
20 ақпан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 ақпан күні республиканың солтүстік, орталық және шығысында құбылмалы күн райы сақталып, жекелеген жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
28 наурызда еліміздің көп аймақтарында күн ашық болады Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн жылынады Жұма күні еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын жауады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, түнде 23-28 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болжанады, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с артуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 18 м/с бұрқасынмен бірге күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT