2 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 2 желтоқсанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асхат Тұтқышбайұлы ОРАЗБАЙ дүниеге келді.

Қырғыз Республикасының Фрунзе (қазіргі – Бішкек) қаласында туған. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген. 1985-1990 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Телерадио комитетінің редакторы. 1990-1992 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, факультет деканының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі. 1994-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2001-2002 жылдары - БҰҰ арнайы миссиясының Исламабад қаласындағы Ауғанстан жөніндегі саяси кеңесшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Африка, Таяу Шығыс және Азия департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы қызмет жөніндегі ұлттық үйлестірушісі қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары - Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарушы. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хатын алған.

49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал журналист, тележүргізуші Бибігүл Нұрғалиқызы ЖЕКСЕНБАЙ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері институтын құжат жүргізу ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген, Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі. Еңбек жолы: «Спорт» республикалық газетінде тілші (1992-1993); республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетінде тілші (1993-1994); «Атамұра» апталық газетінің тілшісі (1994-1996); «Хабар» агенттігінің Астана қаласы бойынша орталық бюросында редактор, тілші, продюсер, директор орынбасары (1996-2007); «Қазақстан» теле-радио корпорациясында ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры (06.2007-12.2007); «Қазақстан» РТРК ұлттық телевидениесі бас директорының орынбасары (2007-2008); «Эра» телеарнасының бас директорының орынбасары-бас редакторы (2008-2010); «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры (2010-2011); «Жетінші арна» Директорлар кеңесінің төрайымы (2011-2016). «Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері, «Жыл адамы-2006» атағының иегері.

48 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Қайырсламұлы КӨШКІМБАЕВ дүниеге келген.

Ол саясаттану мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (1996); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын (1999); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантурасын (2007) бітірген. Еңбек жолы: Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институттың оқытушысы (1996-1997 жылдары); Қазақстан даму институтының ғылыми қызметкері (1997-1998 жылдары); Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтында халықаралық қатынастардың кешендік мәселелері бөлімінің меңгерушісі, институт директорының орынбасары (1999-2005 жылдары); ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының бірінші орынбасары (қаңтар 2006- сәуір 2009); ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары (2009 жылғы сәуір - қыркүйек); ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дың бас ғылыми қызметкері (қазан 2009); 2014 жылдың шілдесінен бастап ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары; 2001 жылы Әлеуметтік ғылымдардың жоғарғы мектебі (EHESS, Париж) Дидро бағдарламасы бойынша машықтанушы; 2003 жылы (қыркүйек-қараша) Стратегиялық зерттеулердің Еуразиялық орталығының арнайы шақырылған зерттеушісі (Анкара, Түркия); 2005 жылы (наурыз) Халықаралық зерттеулер жөніндегі Ханкук университетінің шетелдік зерттеушісі (Сеул, Оңтүстік Корея). Қазіргі лауазымын 2014 жылдан бері атқарады.


Соңғы жаңалықтар