2 млн теңге пара: Жамбыл облыстық көші-қон департаментінің басшысы үйқамаққа алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.


Соңғы жаңалықтар