+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

2 маусым. Туған күн иелері

2020 жылғы 2 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
2 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
6 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі 5 шілде. Туған күн иелері 5 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1934-2012) түркітанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессорАлтай Сәрсенұлы АМАНЖОЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітірген. 1957-1966 жылдары - Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері. 1966-1979 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі. 1979 жылдан Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде істеді. 1986-1987 жылдары - Орталық Ұлттар институтында (Бейжің), 1993-1994 жылдары Қара теңіз техникалық университетінде (Трабзон, Түркия) түркітанудан, қазіргі қазақ тілінен дәріс оқыды.

А.Аманжоловтың ғылыми зерттеу еңбектері негізінен көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу мәселелеріне, тіл типологиясы мен графикалық лингвистикаға арналған. Ғалымның түркі филологиясына және тіл біліміне арналған 200-ге жуық мақаласы, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 7 монографиясы бар. Бірқатар жарияланымы ағылшын және түрік тілдерінде басылған. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған. Ол 17 филология ғылымының кандидатын және 1 докторын даярлаған.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.

63 жыл бұрын (1957) Павлодар облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Манап Шарапиденұлы КӨБЕНОВ дүниеге келді.

Омбы мемлекеттік ветеринарлық институтын бітірген. Мамандығы - мал дәрігері. Павлодар облысы Железин және Ақтоғай аудандарының әкімі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы мәслихатының хатшысы болып қызмет істеген. «Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы қазаннан бері.


55 жыл бұрын (1965) «Аstаnа Grouр» холдингінің негізін қалаушы және басшысы, белгілі кәсіпкерНұрлан Еркебұланұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1991 жылдан Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы «Нұрбұлақ» шағын кәсіпкерліктің директоры. 1992-1993 жылдары - «Саят-Брок» ЖШС-ның, «Мәдина» шағын өндірісінің коммерциялық директоры. 1993-1996 жылдары - «Астана-моторс» компаниясының президенті, «Астана-холдинг» вице-президенті. 1996-1997 жылдары - «Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясы» республикалық мемлекеттік өндірістің президенті. 1997-2004 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ-тың президенті. 2004-2006 жылдары «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының президентi қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан.

51 жыл бұрны (1969) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Тұрарұлы ДӘНДІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең ауданының Киров кентінде туған. 1990 жылы Вольск жоғары әскери тыл училищесін тәмамдаған. 2001 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген. 2006 жылы Корольдік қорғаныс зерттеулері колледжін (Лондон қаласы) аяқтаған. 2013 жылы «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі» мамандығы бойынша ҰҚК жоғары академиялық курсы.

1990 – 1993 жылдары Алматы қаласы Түркістан ӘО 12881 ә/б-де әскери борышын өтеген. 1994 – 2011 жылдары ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2011 – 2017 жылдары ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының бастығы. 2017 – 2019 жылдары ҚР ҚК Бас басқармасының бастығы. 2019 жылдың мамырынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2011), 16 медальмен марапатталған.

51 жыл бұрын (1969) Арқалық қаласының әкімі Қайрат Тынымбайұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агроном, 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Қостанай облысы Наурызым ауданы Көктал совхозында «Қара-құрай» бригадасының агрономы болып бастаған.

1995 жылдан бастап Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының экология және биоресурстар басқармасының I санатты маманы болған. 1997 жылдан 2011 жылға дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы ҚР АШМ аумақтық инспекциясының әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары. 2015 жылдан бастап Арқалық қаласы әкімінің орынбасары. 2017 жылдан - Ұзынкөл ауданының әкімі. 2019 жылдан бастап - Арқалық қаласының әкімі.

50 жыл бұрын (1970) Қазақстан мен Орта Азиядағы түңғыш және жалғыз Үнді классикалық би орталығының директоры және хореографы Ақмарал Елеусінқызы ҚАЙНАЗАРОВА дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген (1992), журналист; Рукмини Деви атындағы «Калакшетра» әсемдік өнер колледжін тәмамдады (Оңтүстік Үндістан, Ченнай қаласы, 1998), биші, хореограф, бхаратанатьям үнді классикалық би оқытушысы; Мумбай Университетінің жанындағы «Наланда» би өнерін зерттеу орталығын тәмамдаған, үнді өнері бойынша дипломы бар (2000).

«Мәдениет диалогы-біртұтас әлем» (2006), «Үнді классикалық биінің әдеби негізі» (2007), «Үнді классикалық биі және шығыс жекпе-жек өнері» (2008), М. Әуезовтің «Үндістан туралы очерктері» бойынша «Үнді классикалық би орталығының би өрнектері» (2009) т.б. би жобаларының авторы. 1989 жылдан - Шетелдермен достық және байланыс қоғамы жанындағы «Шанти» Үндістан өнері әуесқойлар клубында үнді биінің хореографы (Алматы). 1993 жылдан - Рукмини Деви атындағы «Калакшетра» әсемдік өнер колледжінің студенті. 1998-2005 жылдары - Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Үндістан мәдени орталығында бхаратанатьям үнді класссикалық биінің хореографы және орындаушысы. ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық би кеңесінің мүшесі (Париж, 2004). Алтын медалімен марапатталған және орындаушылық өнер түрлері бойынша өткен 7-ші Әлем чемпионатының «Этникалық би» номинациясында «Әлем чемпионы-2003» деген атағы бар (Голливуд, АҚШ); «Мәдениет қайраткөрі» Құрмет белгісімен және медалімен марапатталған (2008). Афинадағы XVIII Халықаралық би конгрессінің сертификатын және конгресстің жұмысына белсенді қатысқаны, кәсіби би шеберлігі үшін берілген «Дора Стратоу» грек биі Үлттық театрының грамотасын алған. Қазақстанда бхаратанатьям үнді классикалық биінің тұңғыш және жеке, кәсіби орындаушысы ретінде есімі «Алматы-2000 Алтын кітабына», Қазақстан рекордтар кітабына (2002, 2003, 2005, 2006, 2007), ЛИМКА үнді рекордтар кітабына (2006) енді. ICCR Стипендиаты (Үндістан үкіметінің мәдени байланыстары жөніндегі Үндістан Кеңесі).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT