2,4 млн қазақстандыққа 21 250 теңге төлем берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 млн 400 мың қазақстандыққа тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге тең біржолғы төлемді 2 млн 406 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

Бұған дейін хабарланғандай, МӘСҚ-дан біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.

Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек.

Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар