2,2 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге төлем аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2,2 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды.

2,4 млн-нан астам өтінімнің ішінде:

– 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 621,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;

– 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 634,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 216,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 398,5 мың өтініш азаматтардың басқа санатынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге төленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар