1919 жылы Бродвейде хит болған Turkestan әнінің пластинкасы табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 жылдары Америкада хит болған Turkestan музыкалық туындысының пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында мәлімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram парақшасында жарияланды.

Сөзі - Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасы - Джек Стерн (Jack Stern).

Орындайтын - American Quartet тобы.

Аталған әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылған.

Бұған Түркістандағы Farab кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде қол жетті.

Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін.

Бұл ән 1919 жылы Бродвей хиті болған.



Соңғы жаңалықтар