19 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қаңтар күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА-ның академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Салық Зиманов: азамат, ғалым, қоғамдық-саяси қайраткер» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында кітапхананың музей жинағынан «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» атты қор көрмесінің ашылуы өтеді.


Соңғы жаңалықтар