+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

180-нен астам демалыс орны бар Алакөл жағалауында туристік полиция қызмет етеді

2021 жылғы 4 шілде 02:19
Бөлісіңіз:
180-нен астам демалыс орны бар Алакөл жағалауында туристік полиция қызмет етеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында туристік полиция қызметкерлері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жергілікті полиция қызметі құрамында туристік полиция құрылған. Ондағы тәртіп сақшыларының негізгі міндеті - қиын жағдайға тап болған туристерге жәрдем көрсету. Сондай-ақ олар туристік маусым кезеңінде (15 маусымнан 30 тамызға дейін) Алакөлдің жағалауында туристік объектілердің аумағын патрульдеп, туристердің өмірін, мүлкін қорғайды. Бүгінде Алакөл жағалауында 180-нен астам демалыс орны мен 65 қызмет көрсету және сауда объектісі орналасқан.

«Қазіргі күні туристік полиция материалдық-техникалық тұрғыда толықтай қамтылған. Оның ішінде байланыс және құқық бұзушылықтарды тіркеудің техникалық құралдары, қызметтік автокөліктер және суда қозғалу құралдары бар.

Полиция департаменті Алакөл көлі жағалауында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жыл сайын қосымша 50 қызметкерді және 5 автокөлікті тартады», - делінген хабарламада.

Азаматтарды қабылдау және жеткізу үшін 5 стационарлық бекет жұмыс істейді. Туристік кезең басынан бері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT