18 жастағы қазақстандық футболшы Беларусьтің жоғары дивизион клубына ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 жастағы қазақстандық Алдаир Әділов Беларусьтің «Энергетик»-БГУ жоғары дивизионының клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат спорт журналисі Айдын Қожахметтің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Алдаир Әділов 2017 жылға дейін «Астана» дайындық тобының жүйесінде жаттыққан еді, кейінірек «Марсет» испан академиясына ауысты. Беларусьтің «Энергетик»-БГУ футбол клубы болашағынан үміт күттіретін ойыншыға назар аударып, екі жақ келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, Алдаир орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Ол техниканы жақсы меңгерген және футбол алаңында өзін еркін ұстайды. Сонымен қатар еңбексүйгіштігімен де көзге түскен.

Беларусьтің ірі ақпарат агенттігі БЕЛТА-ның айтуынша, «Энергетик»-БГУ клубы Алдаир Әділовпен келісімшартқа отыру жөнінде түбегейлі шешімге келген.

«Қазіргі таңда құжаттар рәсімделуде. Жаңа ойыншы келесі аптаның басында, яғни дүйсенбіде команда құрамына ресми түрде қосылады деп жоспарланып отыр», – дейді БЕЛТА.

«2 жыл бұрын «Энергетикада»-БГУ-да қазақстандықтар – жартылай қорғаушы Владислав Васильев пен қорғаушы Жахонгир Ходжамов өнер көрсеткен болатын. Васильев сол жерден «Динамо-Брестке» көтеріліп, қазір таңда «Рухта« ойын көрсетіп жүр» деп атап өтті Айдын Қожахмет.

Соңғы жаңалықтар