18 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 тамызда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Шараны PrimeMinister.kz сайтынан және Үкіметтің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан онлайн режимде көруге болады.

Сағат 12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Көрсетілім сілтемесі - Youtube , Facebook.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ аумағында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) инсталляциясының ресми ашылу шарасы басталады.

Сағат 16.00-де Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалында қалалық мәслихат фракциясының депутатттары «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылайды.

АЛМАТЫ

19.00-де Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде тұрғындардың өзекті сұрақтарына апталық Akimat live бағдарламасында жауап береді. С ұрақты 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге, сондай-ақ Almaty.tv арнасының YouTube, Facebook парақшасына пікір ретінде қалдыруға болады. Сондай-ақ, +7 (727)-275-01-02, +7 (727)-275-22-16 нөміріне хабарласып, сұрақ қоя аласыздар.


Соңғы жаңалықтар