+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

18 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 18 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
18 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 18 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Шекарашылар күні (Қазақстан Республикасының Шекара әскері құрылған күн)

1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы шықты.

2005 жылы Алматыда «Қазшах» атты төрт адамға арналған шахмат ойынының таныстырылымы болды. «Қазшах» - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеевтiң ойлап шығарған шахматтың жаңа бiр түрi. Ойын 64 тор көзге бөлінген тақтайда жүредi. Ойынға екі бақталас қатысады, олардың қанжығасында ақ және қара түсті 16 тас болуы керек.

2010 жылы ҚР Ұлттық банкі айналымға 500 теңге номиналды «Отау көтеру» монетасын шығарды.

Монетаның оң жақ бетінде, (аверс) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының гербі бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» жазуы бар. Оң және сол жақ секторларында ұлттық орнамент элементінің айналық бедері орналастырылған. Айнала «Қазақстан Республикасы» және «Республика Казахстан» жазулары бар.

Монетаның қарсы жақ бетінде (реверс) «Отау көтеру» ұлттық салт-дәстүрінің көрінісі бейнеленген. Төменгі жағында мемлекеттік тілде «Отау көтеру» жазуы айналдыра жазылған. Ең төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» саны бар. Оң жағында - Қазақстан монета сарайының тауарлық белгісі мен монетаның дайындалған металын, сынамасы мен салмағын білдіретін - «Ag 925 31,1 gr» таңбасы бар.

Монета 925 сынамалы күмістен әзірленген, салмағы - 31,1 грамм, диамертрі - 38,61 мм, дайындалу сапасы - «proof», 4 мың данамен шығарылды.

2016 жылы Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды. Осылайша Қазақстан қатарынан төртінші Олимпиадада осы салмақта алтынды уысынан шығармай келеді.

Бұған дейін 2004 жылы Афинада Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев дәл осы салмақта жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

Бокс тарихында бір елдің боксшылары төрт Олимпиада қатарынан бір салмақта атой салғаны екінші рет қана қайталанып тұр.

2017 жылы ІТ саласының маманы, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Нұрлан Қамбар домбыраның электронды нұсқасын жасады. Енді кез келген адам мобильдік қосымшаны жүктеп алып, гаджеті арқылы домбыра шерте алады.

2018 жылы Астана қаласының ежелгі қару-жарақтар музейі «Бұқар жырау дәуірі» көрмесінде қазақ қолданбалы өнерінің тамаша үлгілерін көрсетті. Көрмеге Абылай хан тұсындағы 20-ға жуық экспонат қойылды.

Олардың арасында басты образ – Абылай ханның мүсіні де бар. Оны жас дарынды мүсінші Айдос Есмағамбетов жасаған. Бұдан бөлек, ХVІІІ ғасырға тән құрал-саймандар, Абылай хан қытай императорына, орыс губернаторларына жазған хаттардың көшірмелері болды.

2019 жылы 12 жасар қазақстандық Жамилә Ахметова академиялық үлгерімі үшін АҚШ Президенті Дональд Трамптың қолы қойылған алғыс хатқа ие болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT