18 наурызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар