18 қазаннан Павлодар облысында карантин күшейтіледі
Аталған қаулыға сәйкес, күшейтілген шаралар 18 қазан күні сағат 00.00-де күшіне енеді.
Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілетіндігі көрсетілген. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.
Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.
Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.
Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.
Демалыс күндері қоғамдық көліктер (автобус, трамвай, бағдар таксилері) қозғалысы тоқтатылады.
Ал моншалар (сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтындай) сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін ғана жұмыс істейді.