00:12, 18 Қазан 2021 | GMT +6
18 қазан күні ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 қазан күні ауқымды антициклонның ықпалымен ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік өңірлерде жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады.
Еске салайық, синоптиктер 18 қазан күні 4 өңірде ескерту жариялаған болатын.