18 қаңтардан уақытша тіркеу онлайн режімде жүргізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертеңнен бастап электрондық үкімет порталы арқылы Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу қанатқақты режімде іске қосылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Егер тестілеуден сәтті өтсе, онда ертеңнен бастап онлайн-тіркеуді (азаматтарды уақытша тіркеу) қанатқақты режімде іске қоса аламыз»,-деді министр.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 250 мың адам тіркеуден өткен.

 «ҚР АКМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  техникалық жұмыстарды 80 пайызға аяқтады. Алайда, тапсырыс беруші ҚР Ішкі істер министрлігі. Олар өз тарапынан тиісті қадамдарды жасағаннан кейін, онлайн-тіркеу іске қосылады деп ойлаймын»,-деді Д. Абаев кеше PaperLab пікірталас клубында өткен отырыс барысында.  

Соңғы жаңалықтар