17 жасар павлодарлық классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Швецияның Хальмстад қаласында классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионатына павлодарлық 17 жасар Александр Иванов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында 66 келіде сынға түскен ол зілтемірді үш тәсілмен көтеру жарыстарының нәтижесінде 530 келі көтерді.

Александр зілтемірді желкеге қойып, отырып-тұруда 200 кг, жатып көтеруде 127,5 кг, белдің күшімен көтеруде 202,5 келіні еңсерді. Екі жаттығуда бірінші, бір жаттығуда екінші орынға тұрақтап, жалпы есепте бірінші болды.
Айта кетейік, классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 3 қазанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар