+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

17 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылғы 17 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
17 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

96 жыл бұрын (1924-2020) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сәтіғалиқызы СЫЗДЫҚ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туған. Ақтөбе мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген.

1951-1957 жылдары - Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, редакция меңгерушісі. 1957-1961 жылдары - Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. 1961-1981 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1981 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, мәдениет және қазақ тілі бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арналған. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салуда Абай шығармаларының зор маңыз атқарғанын дәлелдеді. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Абай тілінің сөздігі», тағы басқа еңбектерді жазуға қатысты. 15-19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихын, Қ.Жалайырдың «Жами-ат-тауарих» атты шежіресі тілін, қазақ тіл мәдениетінің мәселелерін зерттеді. Оның «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ тілі әдістерінің негізгі мәселелері», тағы басқа еңбектері жарық көрді. Р.Сыздықтың 130-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы, оқулығы, оқу құралы бар. Есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енгізілген.
«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.


57 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғары сотының төрағасы Жақып Қажманұлы АСАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001-2002 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2002-2003 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жылдары - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша). 2012 жылы қаңтар- қыркүйек - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша). 2012 - 2016 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (2016-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.


49 жыл бұрын (1971) Президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Өрентайұлы ИСЕКЕШЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады. 1995-1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-1998 жылдары). 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2003 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан бастап - «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 2007 жылдан 2008 жылға дейін - «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры. 2008 жылғы наурыз-мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2010 жылдың наурызынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 6 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. 2016-2018 жылдары Астана қаласының әкімі. 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қаңтарынан.
«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1975) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Кенжебекұлы ӘБДІҚАЛЫҚОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «математика және физика мұғалімі» мамандығы бойынша, 2014 жылы — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «ақпараттық жүйелер бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпараттық жүйелерге сервистік жүйелік-техникалық қызмет көрсету департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005-2011 жылдары — ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директоры орынбасарының міндетін атқарушы, бөлім басшысы. 2011-2014 жылдары Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығының зертханалық сынақтар департаментінің директоры болды. 2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры қызметін атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің байланыс және ақпарат саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2016-2017 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы. 2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың маусымынан.

39 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары Қанат Бейбітұлы ШӨКЕНОВ дүниеге келген.

Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында туған. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығымен, Тұран-Астана университетін бітіріп, қаржы бакалаврі дәрежесін алған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінде 2004-2008 жылдары қызмет атқарған. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы сектор меңгерушісі, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2013-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісі. 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кірісті.

28 жыл бұрын (1992) қазақстандық ауыр атлет, Әлем және Азия чемпионы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Сергеевич ЗАЙЧИКОВ дүниеге келді.

Беларусь елінің тумасы. Спортпен Қызылордада айналыса бастады.

Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы университетте «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алған.

2015 жылғы Азия чемпионы, 2015 жылғы Әлем чемпионы, Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT