17 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбіде Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, екпіні 20 м/с, Павлодар облысында түнде желдің күші 23 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар