+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

17 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 17 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
17 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚазАқпарат оқырмандарға 2020 жылғы 17 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР


Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні


Бұл күн 1865 жылғы 17 мамырда алғашқы Халықаралық телеграф келісіміне қол қою жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталуына, сондай-ақ 1932 жылдан кейін Халықаралық электр байланысы одағына айналған Халықаралық телеграф одағының құрылуына орай таңдалды.


Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес күні


Жыл сайын Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес лигасының бастамасымен аталып өтіледі. Оның басты міндеті - жүрек-қан тамыр жүйесінің кең таралған ауруларының бірі туралы ақпарат таратуға ықпал ету. Ол алғаш рет 2005 жылдың 14 мамырында болған еді, ал 2006 жылдан бастап 17 мамырда аталып өтеді.


Дүниежүзілік СПИД құрбандарын еске алу күні


Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлем халқы ғасыр дерті атанған аталмыш індеттің құрбандарын еске алады. Бұл әлемдік қоғамдастық назарын осы ауруға және АИТВ-мен сырқаттанған жандарға аудару үшін жасалуда. Алғаш рет ЖИТС құрбандарын еске алу күні Сан-Франциско қаласында 1983 жылы аталып өтеді.



ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді.

1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барып, соның барысында Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу міндеттемелеріне қол қойды. 1992 жылдың 19 мамырында АҚШ және Қазақстан президенттерінің алғашқы кездесуі өтті.

2007 жылы Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының құрылғанына 60 жыл толуына орай шығарылған естелік пошта маркасын салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Қазақстан пошталық әкімшілігі шығарған көркем маркада ұлттық өрнектер мен ЭСКАТО-ның 60 жылдығын білдіретін арнайы белгі басылған. Бірлік номиналы 25 теңгені құрайтын бұл марканың жалпы таралымы 50 мың дана.
2010
жылы Астанада балалар мен жастар үшін «150» нөміріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін тегін ұлттық сенім телефон желісі жұмыс істей бастады.

2012 жылы елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай жаңа экспонатпен толықты. Халық композиторы Ақан серінің кесесі жұрт назарына ұсынылды. Ол сол кезге дейін дәрігер Абай Байгенжиннің жеке мұрағатында сақталған. ХХ ғасырдың басында шығарылған фарфор бұйымы осы күнге дейін жақсы сақталған.

2013 жылы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары ғарыш зымырандарын ұшырылғаннан кейін қоршаған орта объектілерінде зымыран отынының уытты компоненттерін анықтаудың бірегей әдісін жасап, патенттеді. Оны жасауға мүмкіндік берген ғылыми-зерттеу базасы зымырандарды ұшыру мониторингі тікелей жүргізілетін Байқоңыр мен Жезқазғандағы зертханаларды, сондай-ақ мобильді жылжымалы зертханаларды қамтиды.

2017 жылы Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі «Туған жер» бағдарламасының сараптамалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сараптамалық кеңес «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» секілді төрт бөлімнен тұратын «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдерін қарастырды.

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі «Global Gift Foundation» қайырымдылық кешкі асына қатысты. Париждегі қайырымдылық кешіне Димашты Голливуд жұлдызы, америкалық актриса Ева Лонгория шақырған.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсімі өтті, оның мақсаты - жұмыс орындарын құру, сауда және инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT