16 қыркүйектегі Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Сағат 9.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Жиын палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

Сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесі баспасөз конференциясын өткізеді.

Сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырылады. Баяндамашы: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов. Жиынды www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсету жоспарланған.

Сағат 11.00-де Techpreneurs акселераторының жария тұсаукесері.

Сағат 12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу кезеңінің қорытындылары және жылыту маусымына дайындық туралы» баспасөз конференциясы басталады.

Спикер: ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов,

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 14.00-де кеңес «Азаматтық сектордың Қазақстан Республикасы Парламентімен өзара іс-қимыл нысандарын нығайту» тақырыбында Zoom-конференция һтеді. https://us02web.zoom.us/j/84186506766?pwd=T1k0OVp2UVI1R2Z2akJCa3pUNElSUT09

Сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы, Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасының Чехия елшілігі, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен «Қазақстанның конфессияаралық және мәдениетаралық диалог тәжірибесі» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізеді. Халықаралық форумның онлайн-көрсетілімі аралас форматта, офлайн және ZOOM платформасында онлайн режимде жүргізілетін болады.

Сағат 15.00-де «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасына ұсынылатын ілеспе түзетулер таныстырылады. Баяндамашы: Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов. Көрсетілім: www.parlam.kz.

Сағат 15.00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығы «Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде Ауғанстандағы жағдайды бағалау» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық отырыс өткізеді.

Сағат 16.00-де «Педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жария тыңдаулар өткізіледі. Шара қалалық мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимде өтеді.


Соңғы жаңалықтар