16 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Риксос» қонақ үйінде Корея мен Қазақстан арасындағы су ынтымақтастығына арналған шара өтеді.

9.00-де Манас көшесі 17/1 мекенжайындағы «Аналар үйінде» «Ботақан» қиын жағдайға тап болған балалар орталығы және «Күнім» оңалту орталығы ашылады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азия – Корея Республикасы» ХІІ Форумы өтеді.

10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да SCOPUS тізімінің «Eurasian Mathematical Journal» журналының 10 жылдығына арналған «Анализ, дифференциалды теңдеу және алгебраның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

10.00-да ҚР Ұлттық музейінде Түркия, Әзербайжан және Қазақстанның зағип балаларына арналған «Әлемді ашамыз - шекараны кеңейтеміз» халықаралық фестивальі ашылады.

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Рухани келісім – бейбітшілік пен келісім» республикалық конференциясы өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында UMAY Boost 2.0. оқуына арналға, іскерлік speed-dating форматында «UMAY Business Day 2019» шарасы өтеді.

15.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев азаматтарды қабылдайды.

АЛМАТЫ

10.00-де Intercontinental қонақ үйінде ESET антивирустық компаниясы баспасөз мәслихатын өткізеді.

10.00-де Оқушылар сарайында «Менің кіші Отаным» атты қалалық жас тарихшылар байқауы өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланады.

10.00-де «Ақсай» наубайханасында Қазақстанда алғаш рет тойланатын Нан күніне арналған мерекелік шара өтеді.

11.00-де Қазақстанның қор биржасында 2019 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Арбат көшесінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізеді.

18.00-де Visit Almaty ғимаратында жазушы, журналист, композитор Ксандра Силантьенің «Таланттарды таныту» тақырыбында шығармашылық кезедсуі өтеді.

Соңғы жаңалықтар