16 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 сәуір күні Қазақстан аумағына Шри-Ланка, Қытай, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 30 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 4135 жолаушы ұшып келді. Олардың 4119-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 16 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген, барлығы да – ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына ұшып келді – 16 рейс, 2 277 жолаушы, анықтамамен - 2271, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1036 жолаушы, анықтамамен - 1027, анықтамасыз - 9;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 458 жолаушы, анықтамамен - 457, анықтамасыз - 1;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 296 жолаушы анықтамамен келген;

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 68 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ 8 сәуір күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 15 азаматының талдау нәтижесі дайын болған – жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталмады.

Соңғы жаңалықтар