+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

157 бағыттағы жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды - ИИДМ

2020 жылғы 2 сәуір 18:55
Бөлісіңіз:
157 бағыттағы жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды - ИИДМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел аумағында төтенше жағдай және жекелеген қалаларда карантин режимі енгізілген сәттен бастап Қазақстандағы теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

Министрлік құзырына қарайтын теміржол көлігі бойынша, бұрын 157 жолаушылар және қала маңы пойыздары қатынайтын. Олардың да жұмысы толық тоқтатылды. Қазіргі уақытта теміржол шаруашлығы қызметкерлерін, жұмысшыларды тасуға арналған 24 пойыз ғана қалды», - деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, ведомство өкілі теміржол бойынша жүк таситын көліктерге шектеу қойылмағанын еске салды.

«Одан бөлек, жергілікті әкімдіктерге қарайтын автокөлік бойынша, сырттан келетін және ішкі маршруттағы автобустарды тоқтаттық. Көліктер жұмысы жергілікті әкімдікке қарайды. Сондықтан оларға өз пікірімізді жіберіп, сапаржайларды уақытша тоқтатуды ұсынып жатырмыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT