15 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА агенттігі 15 желтоқсан күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1950) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Смағұлұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

1990-1992 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары - Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 2015 жылдың тамызынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Экономика ғылымдарының докторы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Сіңірген еңбегі үшін» кавалерлік крест ордендерімен, медальдармен марапатталған.

68 жыл бұрын (1951) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы ТҰРЫСБЕКОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1973 жылдан - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы - комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан - Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан - бірінші орынбасары, 1993 жылғы желтоқсаннан - әкімі. 1995 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР-дың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан - ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. Ал 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-дың Молдова Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған. 2015-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері.

«Құрмет» орденімен, 4 медальмен марапатталған.

64 жыл бұрын (1955) Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Владимирович РАДОСТОВЕЦ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын экономист, кіші ғылыми қызметкер, хатшы ғалым, топ жетекшісі, докторант, Қазақстан Ғылым академиясындағы Экономика институты секторының меңгерушісі лауазымдарынан бастаған. 1999-2000 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті. Елдегі көптеген өнеркәсіп, тауарөндіруші, тау-кен металлургия саласындағы ұйымдар мен ассоциацяларға басшылық жасады. 2004-2005 жылдары «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының» президенті. 2005 жылдан Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры.

2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхатына ие болған.

61 жыл бұрын (1958) танымал сазгер, қоғам қайраткері және меценат, Еуразия мәдениет қорының президенті Ерұлан Мұсаханұлы ҚАНАПИЯНОВ дүниге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 1990 жылдың басынан кәсіпкерлікпен шұғылданып, «Жиһаз» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Алтын-Тас» директоры болып жұмыс істеген. Н.Құлсариевпен бірлесіп, Арал экологиясы тақырыбына арналған «Тақыр» рок-операбалетін құрған. 2001 жылы «Река времен» деп аталатын авторлық музыкалық альбомы жарық көрген. Альбомға эстрадалық оркестрде ойналатын 9 музыкалық пьесасынан басқа «Арсенал» ансамблі орындайтын шығармалары енген.

«Қазақстан - Австралия» қауымдастығының және «Алтын-Адам» қорының президенті, «Приз традиций» Халықаралық фестивалінің бас директоры қызметтерін қоса атқаруда.

55 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жалғас Жұмайұлы Әділбаев дүниеге келген.

Гурьев ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы, әлеуметтік-саяси тәртіп оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, аспирантура, PhD доктор.

Еңбек жолы: мемлекеттік протокол басқармасының бөлім басшысы (1997-2000), ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің жетекшісі (2000-2004), Қазақстанның Литва Республикасындағы елшісінің кеңесшісі (2004-2008), Қазақстанның Австрия Республикасындағы елшілігінің кеңесші уәкілі (2008-2009), Иран Ислам мемлекеті, Горган қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы (2009-2010), Халықаралық экономикалық серіктестік комитетінің төраға орынбасары (2010-2011), ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011-2015), Қазақстанның Армениядағы елшілігінің кеңесші уәкілі (2015-2017), ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың тамызынан.

34 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі

Руслан Иманқұлов дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен.

Соңғы жаңалықтар