+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

15 маусымнан бастап «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша  қосымша пойыз сапарға шығады

2021 жылғы 12 маусым 12:56
Бөлісіңіз:
15 маусымнан бастап «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша  қосымша пойыз сапарға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жазғы маусымға аптасына екі рет қатынайтын «Алматы-2 – Достық» бағыытындағы № 221/222 қосымша коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда педофил 20 жылға сотталды Алматыда кафеге келген ер адам даяшыға қол жұмсады Алматыда 100-ден астам қоғамдық көлікте бетперде режимінің сақталуы тексерілді

Ол Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

- Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;

- Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері келеді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады.

Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол бойында және елдегі вокзалдарда бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT