+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

15 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 15 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
15 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 15 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық отбасы күні

1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу – отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді. БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі.

Халықаралық климат күні

1992 жылы Халықаралық қауымдастық парникті газдардың ауаға таралуымен байланысты қауіпті мойындай отырып, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конвенциясына қол қою туралы уағдаласты.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы Алматыда қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары - мүсінші Хакімжан Наурызбаев пен сәулетші Шота Уәлиханов.

1992 жылы Ташкентте Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылды. Әзербайжан келісімге 1993 жылғы 24 қыркүйекте, Грузия 1993 жылғы 9 қыркүйекте, Беларусь 1993 жылғы 31 желтоқсанда қол қойды. 1999 жылғы 2 сәуірде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері келісімнің мерзімін келесі бесжылдыққа ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. Алайда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан оның мерзімін ұзартудан бас тартып, Өзбекстан сол жылы Демократия және экономикалық даму ұйымына қосылды. ҰҚШ-нің 2002 жылғы 14 мамырда Мәскеуде өткен сессиясында ұйымды толыққанды халықаралық ұйымға - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) айналдыру туралы шешім қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі құрылды.

1999 жылы Қазақстан Республикасында Үкімет құрамына кірмейтін, орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды.

2009 жылы Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ») Германиядағы және Еуропадағы құрлықтық елдердегі өкілдіктері ресми түрде ашылды.

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы және Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Бірлескен коммюникеге қол қойып, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2015 жылы қазақстандық әскери қызметшілер 3D-құрылғылар арқылы әскери техниканың толық үлгісі мен оның құрамдас бөлшектерін жасауға кірісті. Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің базасында жаңа жоғары технологиялық инженерлік-техникалық зертхананың арқасында жүзеге асты.

2016 жылы Парижде Carrousel du Louvre галереясында дарынды қазақстандық суретшілердің «Қазақстан ғажайыптары» көрмесі ашылды.

2018 жылы «Бурабай Даму» визит-орталығында Бурабай тарихы музейі ашылды. Ол 3 залдан тұрады: тарих залы, этнография залы және Бурабайды зерттеушілер залы.

2019 жылы Парижде Халықаралық Түркі академиясының «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты форумы басталды. Халықаралық жиынға Америка Құрама Штаттары, Ресей, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Латвия, Голландия және Мажарстан сынды елдерден 70-ке жуық ғалым және UNESCO өкілдері қатысып жатыр.

Жиында түркі тілдес елдердің тарихында айрықша орны бар Алтын орда мен Моғолстанның құрылуына ықпал еткен Талас құрылтайының - 750, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының жазылуының - 950, ақын Имамеддин Насимидің - 650 жылдығы секілді айтулы тарихи оқиғалар талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT