+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

15 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар

2019 жылғы 14 қараша 20:28
Бөлісіңіз:
15 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 15 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Эталон орталығында» сертификаттау және органикалық өнім өндіру саласындағы сарапшы Албрехт Бензингпен кездесу өтеді.

09.00 -де «Вена орамы» тұрғын үй кешені маңында Фариза Оңғарсынова атындағы көшенің ашылуы өтеді.

10.00-де Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының Педиатрия департаментінде Халықаралық педиатр күніне орай 18 жасқа дейінгі балаларға Ашық есік күні өткізіледі.

10.00-де Қаржы мониторингі комитетінде экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

10-00-де Әділет министрлігінде «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде «New Music Generation 2019» І халывқаралық композиторлар байқауы өтеді.

14.30-да ALANDA қонақ үйінде «Жастардың суицидтік мінез-құлқының алдын алудағы инновациялық тәсіл. Пилоттық жобаның есебі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты дөңгелек үстел өтеді.

16.00 Ұлттық академиялық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың «Шілде» және «Полдневный Жар» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

АЛМАТЫ

8.00-де ҚР Ұлттық ғылым академиясында «Рухани жаңғыру және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

9.00-де БҰҰ үйінде Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) қаржыландыруға арналған бірінші аймақтық саммит өтеді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе барлық адамдарға су мен кәріздің қол жетімділігі мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету, арзан және сенімді энергия көздеріне қол жеткізу, климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу сияқты қаржыландыру мақсаттарының міндеттерін шешу қаралады.

9.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтеді.

9.30-да The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде ҚР Ұлттық Банкі мен Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы ұйымдастырған «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ғалым, ұстаз, аудармашы, мемлекет қайраткері Телжан Шонанұлының туғанына 125 жыл толуына және 5 томдық жинақталған туындылардың тұсаукесеріне арналған «Хат реформасы: рухани жаңғыру және тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

14.00-де Rixos қонақүйінде Мәскеу мен Алматы арасындағы экономикалық, инвестициялық, іскери ынтымақтастық жөніндегі пленарлық отырыс өтеді.

19.00 -де «Ғылым Ордасында» әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқандарға арналған «Ózgerіs ustasy» республикалық жүлдесі табысталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT